ҚАЛАДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін қала әкімі Е.Жылқыбаев кезекті қала аралауға шығып, бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.
Алдымен шаһар басшысы «Қайнар» тұрғын алқабындағы шағал жол төсеу, Родниковая, П.Лумумбы, Центральный көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарын көрді. Бүгінде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Е.Жылқыбаев мердігерлерге құрылыс жұмыстарын күн суытпай аяқтауды тапсырды.
Қала әкімі барған келесі нысан – Құмшағал шағын ауданындағы №19 орта мектебі болды. Қазіргі таңда онда 838 бала білім алуда. Шаһар басшысы мектепте сабақтың өту барысын бағамдап, асхана және спорт залымен танысты.
Өз кезегінде қала әкімі мектеп директорына санитарлық талаптардың қатаң сақтау қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, «Арай-2» шағын ауданындағы №1,2 үйлердің маңында салынып жатқан кешенді балалар ойын және спорттық алаңшасының құрылысымен танысты.
Спорт нысаны демеушік есебінен салынуда. 2021 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.
Сапар соңында қала әкімі «Үш бұлақ» каналының абаттандыру және «Анаға тағзым» орталығының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Қала басшысы мердігер мекемелердің басшыларына құрылыс сапасына мән беруді ескертіп, уақытылы аяқтауды тапсырды.