ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қайырымдылық халықтарды біріктіреді. Жастардың мейірімділігін оятады. Мұндай істе ұлтқа, дінге, жасқа ешқашан бөлінбейді.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Ағымдағы жылы ауданда Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен ауыл, ауылдық округ әкімдігі аппартының ұйымдастырумен аудандағы жомарт жандардың демеушілігімен халықтың аз қамтылған отбасыларына, әлеуметтік жағдайы төмен жандарға, барлығы 487 отбасына 8 917,0 мың теңгеге қайырымдылық көмек азық-түлік себеттері (ет, ұн, май, шекер, шай, макарон, печенье, тәттілер) таратылды. Атап айтқанда, олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар 161 адам, аз қамтамасыз етілгендер саны 116 адам, көп балалы отбаслар саны 72 адам, жалғыз басты зейнеткерлер, жалғызбасты аналар, ардагерлер 138адам.
Осындай қайырымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.