ҚАБЫЛДАУ

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев тұрғындармен жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді.
Жеке мәселелер бойынша 8 адам аудан басшысының қабылдауында болды. Қабылдауда тұрғындар тарапынан тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, материалдық көмек сияқты мәселелер көтерілді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге жеке тоқтап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.

Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, жұмыс жүргізілетіндігі айтылды. Сонымен қатар, кейбір мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі