Путин Астана процесі үшін Назарбаевқа алғыс айтты

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «ЕлАна» хабарлайды.

Мемлекет басшылары әңгіме барысында күн тәртібіндегі өзекті жаһандық мәселелер, соның ішінде Астанада өткен Сирияға қатысты халықаралық кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты. Владимир Путин Астанада сирияаралық келіссөздерді жоғары деңгейде ұйымдастыруға барлық қажетті жағдайды жасағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. Қазақстан Президенті Сирия дағдарысын реттеу тек бейбіт жолмен жүргізілуге тиіс екенін атап өтіп, алдағы уақытта да бұл үдеріске жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

Сонымен бірге, екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.