«Пробация» командасы үздік атанды

Шараны Тараз қалалық №1,2,3 пробация бөлімдері бастықтарының алғысөзімен ашылды. ҚАЖ қызметкерлері өз сөзінде қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың жоғары деңгейде өтуі үшін атсалысқан барша жандарға ризашылығын білдірді.

Осыдан кейін дүбірлі дода басталып кетті. Қатысушылар төрт командаға бөлініп, өзара үздіктерін анықтады. Сайыс барысында әр ойыншы теңбіл доп тебуден осал еместігін көрсетті. Олардың жарысқа тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп-ақ тұрды. Алғашқы айналымнан-ақ алма-кезек шабуылға шыққан қатысушылар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, қарша боратқан соққыларымен танылды. Бір сөзбен айтқанда, кіл мықтылардың бәсекесі тартысқа толы болды.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Пробация» командасы жеңіп алды. Әдемі ойын өрнегін көрсеткен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен Алғыс хат табыс етілді. Бұдан бөлек,
турнир нәтижесінде түрлі аталымдар бойынша бірнеше ойыншы марапатталды.

Ақ жол газеті