Пилоттық жобаның пәрменділгі артуда

Пилоттық жоба  Жамбыл облысында тұрғындардын табысын арттыру жобасына Саудакент ауылы пилоттық ауыл болып енгізілді. Осы жоба бойынша ауылымзға облыс Әкімі  2 рет іс — сапармен келіп ауыл тұрғындарымен кездесіп және үй іргесіндегі жерді, ауладағы мал шаруашылығын тиімді  пайдалануын аралап көрді. Аудан Әкімінің өкімімен жұмысшы топ құрылып ауыл тұғындарына  «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту туралы 984 аулаға түсіндіру  жәнеде аудан әкімінің  қатысуымен 45 рет кездесу, жиындар, аулаларды аралау жұмыстары жүргізілді.  Байқадам пилоттық округіндегі тұрғындардан сауалнама алынып, әрбір отбасына әлеуметтік карта әзірленді. Сонымен қатар, жобаның 5-бағыты бойынша азаматтарды өзектендіру жұмыстары жүргізілді.
Жеке қосалқы шаруашылық: — 984 аулада 134,3 га жер бар оның  аула бойынша (7 сотығы үй –жай, қора, гараж т.б құрлыстар, 12 -сотығы бау бақша болып табылады. )
Ауылдық округке пилоттық жоба аясында 315 аулаға қаржыға сұраныс берілді.
I – бағыт
Саудакент ауылындағы үй іргесіндегі жерді игеруге  ескі арықтарды тазалау (ұз- 6100м), жаңадан арық жүргізу (ұз-1900), барлығы 8 000 метр арық, лотокты жөндеу 2500 метр бойымен үй іргесіндегі жерді 984 ауланы  сумен толық қамтамасыз етеді.
Осы жерді игеруге аулға су әкелетін Күлтөбе каналына 2,5 шақырым  сенбілік арқылы тазалау жұмыстары жүргізілді.
Жалпы ауылдық округтегі 984 ауланың ішінде 901 аула (92,0%) жоба бойынша 118 га гектар үй іргесіндегі егістік жерді пайдаланады деп жоспарланған. Үй іргесіндегі 118 гектар егіске жарамды жерге жоба бойынша 72 га яғни  40,0 гектар қызанақ және 32,0 гектар қияр өсіріледі қалған 46 га басқа бақша дақылдары .
Бүгінгі күнге жоспарланған 901 аулаға «Саудакент 2019» кооператив есебінен 500 000 қызанақ көшеті мен 20 кг қияр  ұрығы таратылып, жалпы 901 аулаға 40 га қызанақ 32 га қияр жане басқа 46 га жерге бақша өнімдері егілді.
Сонымен қатар, ауылдық округте екі азамат үй іргесіндегі жерге Жылыжай тұрғызуға несие алды. Бүгінгі күнге бір азамат жылыжай құрылысын бастап дайындап қойды, екінші азамат елімізде енгізілген төтенше режиміне сәйкес форс-мажорлық жағдайға байланысты, құрылыс жұмыстары басталмады.
Жерді өңдеу: 901 ауланың 118 га жердің 98 га 765 аула МТЗ-892 тракторымен, 136 аула  20 га қолмен өңделді.
    1-айналымда: Қызанақ 59,99 га (901 аула), 0,30 га ( 3 аула) жылыжайда лимон және қияр егілетін болады.
1-айналымға қажеттің қызанақтың тұқымы 180,0 кг, тыңайтқыш 18,0 тн өсімдік қорғау құралдары (химиялық) 420 кг.
Агро техникалық шаралар дұрыс жүргізілген жағдайда алынатын өнім көлемі 1800,0 тн. (гектарына алыну жоспарлы өнімдік көлемі-300,0ц/га)  Оның ішінде жеке тұтынуға 63,6 тн ( орта есеппен бір адам басына -10-15 гектар жылына), қалған 1736,1 тн өнім сатылуға  (  сату бағасы 120,0 тг/кг) деп жоспарланып отыр.

2-айналымда: қияр 58,0 га (901 аула), қияр 58,0 га ( 901 аула) орналастырылады. Яғни қияр дақылы бір маусымда екі рет орналастырылатын болады.
1-    Және 2 айналымға қажетті қиярдың тұқым көлемі 174,0 кг
тыңайтқыш 34,8 кг химиялық қорғау 812 кг.
Агротехнологиялық шаралар дұрыс жүргізілген жағдайда алынатын өнім көлемі 3248,0 тн. ( гектарына алыну жоспарлы өнімділік көлемі-280,0 ц/га) Оның ішінде жеке тұтынуға 217,2 тн .( орта есеппен бір адам басына -10-15 гк/жылына), қалған 3120,8 өнім сатылуға (сату бағасы 100,0 тг/кг) деп жоспарланып отыр.
Яғни жоба аясында орташа табыс көлемі шамамен 8,0 есе артады.

II бағыт
Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану. Жобаға дейін ауылдық округте  761 аулада  2130 бас мүйізді ірі қара (аналығы – 587 бас оның ішінде сауынды сиыр – 487 бас),  705 аулада  9342 бас қой-ешкі (аналығы – 5144 бас).  , 101 аулада 313 бас жылқы (сауынды бие – 54 бас) , 4 аулада 12 түйе және 448 аулада 2416 бас құс болды.
Жобадан кейін округ бойынша мал сатып алуға жалпы мал сатып алуға 300  өтінім түскен. Несие қаражатына  жоспар 899 -бас МІҚ орындалуы 912- бас мүйізді ірі қара, жоспар 747 -бас орындалуы -747 бас жылқы, жоспар 2226 -бас қой ешкі орындалуы  2235- бас қой-ешкі және 750 бас құс сатып алынды. Алынған несиеге нысаналы мақсатына сәйкес  жоспар 101% орындалды.

III бағыт
Ауыл тұрғындарының қолда бар мал басы мен сатып алынған мал басына мал азығын дайындау үшін, Байқадам ауылдық округінде құрылған «Саудакент-2019» ауыл шаруашылығы кооперативіне 300,0 гектар тәліми егістік, 2793,0 гектар шабындық және 3811,75 гектар жайылымдық жер берілді.
Бүгінгі күнге тәліми егістік алқапта «Саудакент 2019» кооперативі 300,0 гектар жаздық арпа және бірлескен қызмет арқылы  «Мұрат» шаруашылығы мен   500 га  жаздық арпа егілді. 49,55 гектар көпжылдық шөптері күзде егіледі. Сонымен қатар бірлескен қызмет арқылы «Игілік» ӨК 102- гектар, «Жанторе» ЖШС мен -32 га суармалы егістік алқабына дәндік жүгері себілді.

Сонымен қатар «Саудакент 2019» кооперативі 8 га жүгері, 8 га көп жылдық шөптерін екті.
Барлығы   950  га жер егістік егілді.
Дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптердің І репродукциялы тұқымдары «АЗА» шаруа қожалығы, «A.S.K. Казахстан» ЖШС-нен сатып алынды.
Тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану бойынша  11 жер үлесі бар аулаға тиесілі 70 га егістік жер көлемі анықталған.
IV бағыт кооперативтерді жабдықтау және құру бойынша
кооперативтерді жабдықтау және құру бойынша пилоттық ауылдық округтен  «Саудакент 2019» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылып (барлық құжаттары заңдастырылған), төрағасы халықпен келісе отырып   тағайындалған. Кооператив басшысы Айтбаев Бегайдар.
5 — адамнан құралған 901 мүшелері сайланды.  Жалпы кооперативті қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға 20 дана техникалар мен қондырғылар лизингке берілді. Айналым қаражаты  ауыл сыртындағы жерді игеруге, үй іргесіндегі жерді игеруге несие берілді.  Сонымен қатар «Саудакент 2019» кооперативіне өндірістік база соғу үшін 3 га жер бөлінді.  Жалпы сомасы  жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп құрылысы жүргізілді оның ішінде техника тұратын бастырма, жарықтандыру үшін қоршау.
Оның ішінде 3 – дана Трактор МТЗ 952.2, Трактор МТЗ 892, Трактор LOVL 904 кондиционермен, 1- Комбайын Ессил КЗС -730 және -тұқым сепкіш, 2- соқа, Погрузшик, Кун, тырма т.б қажетті құралдар алынады. Осы техникаларымен қажетті жем-шөп дайындалып кооператив мүшелеріне жеңілдетілген бағамен сатылатын болады.
Кооперативке 716 га арпа, 33 га дәндік жүгері,168 га жоңышқа, 33 га сүрлемдік жүгері егетін жерлер,  2760 га шабындық,  6156 га жайылымдық жер беріледі.
V бағыт
тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру бойынша 1 жоба Аталған жобаларды  жүзеге асыруға қажетті қаражатқа наубайхана ашуға несие алынып ғимараты дайындалып құрал жабдықтарына тапсырыс берілді.
Жалпы Саудакент ауылына  жоба аясында 315 ауыл тұрғынына несие беру жоспарланған.  Жоба бойынша Тараз ӘКК- на Саудакент ауылы тұрғындары тарапынан 349 несие алу мақсатында құжатттар тапсырылды. Оның ішінде нақты 303 ауыл тұрғыны несиеге қол жеткізді.
Амантай Назарбеков, Байқадам ауылдық округінің әкімі.

Дариха Үмбетиярова