ПЕЙІШТІҢ ҚҰСЫ – ҚАРЛЫҒАШ!

Кеш келіп, жаз бітпей ерте кететін құс қарылғаш! Оба, безгек, тырысқақ ауру тараған жерге қарлығаш келмейді.
Халық айтады қарлығаш та пейіш топырағынан жаралған деп. 79 түрі бар, қазақ жеріне келетіні-5.Олар: жар қарлығашы, құз қ., секпілді қ, кент қ, қосреңді қарлығаш. 170км/с ұшады, ұшу үстінде жемін де, суын да ішеді. Оқ та, жебе де ала алмайды. Жылына 1-2 рет жұмыртқалап, 3-7 табады. Қарлығаш бауырласа жауын жауады, халық қ. ұшуынан ауа райын болжаған.

Неге пейіш құсы?
Көмекейімен ән салған қарлығаш, құран сүрелерін шығарады екен.
Қарлығаш ұялаған жерге бейбітшілік, береке, бақыт келеді.
Абрахтың қуатты 10.000 әскері, пілдерімен мұсылмандарды құртамыз деп келе жатқанда, Алланың бұйрығымен, мыңдаған қарлығаштар, тырнақтарымен, тұмсығымен тас алып, биіктен тастап, Абрахты талқандаған.
Адамзатты да қанын бермей аман алып қалған қарлығаш, қазақ ертегісінен білесіздер, не себептен айыр құйрық екенін.
Нұх пайғамбар с. а. кемесіне келіп, шөпті тастап құтқарған да қарлығаш.
Жоңғар шапқанда да, қазақ үйге қарылғаш ұялаған, Төле би көшпей, жоңғарлар ауылға тиіспей айналып өткен. Төлені-Қарылғаш би деп содан атаған.
Дағыстанда ертеде әскер жорыққа бара жатып, далада түнеген, таң ата байраққа қарлығаш ұя салыпты, сол жерге, Пулахар ауылы салыныпты.
Швецарияда қарлығаш ұясын бұзған адам, тұқымымен жамандыққа ұшырайды деген сенім бар.
1905 ж Ресей ДУМА сында төсбелгіге қарлығашты салған.
Чехияда бойжеткені бар үйге, қарлығаш төңіректесе, құда келеді, тойға даярланған.
Францияда қ. ұясына 9 күн сақина салып, қызға кигізсе, мәңгілік жары болады деген.
Гректер болса Афродита құрметіне жаратылған құс деген.
Мысыр аңызында Исида қарлығашқа айналып, Осириустың денесін іздеген.
Эстонияда 1932 ж 27 қарлығаш ұялаған 1941-1945 жылдары бұл үйдің терезесі де сынбаған.
Алманияда қ. ұясы құласа, жаман ырым деп көшкен.
Қарлығаш көшкенде тырналар арқасына алып ұшады екен, ал келгенде ләйлектердің қанатының астына паналап ұшып келеді.
Адамзатқа пайдасын әкелетін, бейбітшілігі мен берекесі мол қарлығаш құстары қазақ жерінің түкпір-түкпіне келіп қоныстанып, елімнің өркендеуіне үлесін тигізсін.
Көкейінен қазақ даласына Құранның дұғаларын шырқап, жақсылық шақырсын!
“Қазақ білуі тиіс”-кітабынан үзінді.

 

Б. С. Ешмағамбетов