ПЕЙІЛІМЕ БЕР…..

Баяғыда өте бай қария кісі өмір сүріпті, 7 атадан бері бай ақсүйек адам болған екен. Күндердің күнінде көңіл-күйі түсіп, мазалана бастапты. Атсының халін байқаған келіні: – Ата-ау, сізден бір нәрсе сұрасам бола ма?- деп рұқсат сұрапты.
Сонда атасы:- Айналайын, қарағым-ау, сұрай ғой,- депті. Келіні: -Ата-ау, 7 күн болды, мазаңыз күнен-күнге қашып бара жатыр. Осы мазасыздығыңыға не себеп болып жатыр,- деп сұрапты. Сонда атасы:- Айналайын, қарағым-ау, сен де менің балаларымның бірісің ғой.
Саған айтсам айтайын деп келініне: “Маған осы 7 күннен бері бір періште келіп, осы сенің әулетіңе 7 атадан бері беріліп келе жаткан береке, байлықты басқа бір әулетке беремін” деп айтып жатыр депті. Мен “күнде ертең, ертең” деп рұқсат бермей жатырмын.
Бірақ періште “ертең сен рұқсат берсең де, бермесең де басқа әулетке беремін” деп айып жатыр. Егер бақ-дәулет баска әулетке кетіп калса, біз әп-сәтте кедей боламыз, сол үшін уайымдап, мазасызданып отырмын депті.
Сонда келіні тыңдап: -Ата-ау, бар болғаны осы-ақ па, уайымдап отырғаныңыз?- депті. Сонда атасы:- Ия, осы, қызым,- деген екен. Сонда
келіні:- Егер осы болса, онда ертең келетін періштеге айтыңыз ата, “байлықты алсаң ала бер, бірақ ПЕЙІЛІМДІ алма” деп айтыңыз депті. Ертесіне періште келсе, қария айтыпты:
– Мейлі не істесең істей бер, алатыныңды ала бер, есігім ашық. Бір өтінішім бар, біздің ПЕЙІЛІМІЗДІ ала көрме!- депті.
Сонда періште екі қолын көтеріп жауабына тәнті болып: “Сенің әулетіңе тағы 7 ұрпақ байлық, береке беріледі” деп сол әулетпен біте сіңісіп кетіпті.
Қазақ атамыз “не берсе де пейіліне қарай” деп бекер айтпаған.
Бастысы, пейіліміз жақсы болсын.!….