Павлодарлық оқушы С. Демирел университетінің грантына ие болды

Алматы қаласында 10-14 сәуір күндері өткізілген «INFOMATRIX-ASIA 2019» Халықаралық компьютерлік жобалар конкурсына әлемнің әр түрлі елдерінен келген 400 оқушы қатысты.

Жас зерттеушілер 7 номинация бойынша білімдерін сынады: математикалық жобалар, робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика мен өнер, басқару жүйелері, қысқа метражды фильмдер, дрондар жарысы.

Павлодар облысының намысын қорғаған дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушылары Рахат Шыңғыс пен Кенесары Ринатұлы үшін сайыс табысты болды.

Конкурс қорытындысы бойынша Рахат Шыңғыс және Ринатұлы Кенесары күміс медальға ие болды.  Сонымен бірге, Рахат Шыңғыс  С.Демирел университеті тағайындаған оқу грантын ұтып алды.

 

Әлихан Рахметоллаұлы