Павлодарда жұртшылық пен ғалымдар экология мәселелерін талқылады

Павлодар облысының әкімі жақында ғана өңірде жұмыс сапарымен болған мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мәселесін талқылау үшін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.  Кездесуде Павлодар облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жоспардың жобасы таныстырылды.

Foto Valeriy BUGAYEV
Foto Valeriy BUGAYEV
Foto Valeriy BUGAYEV
Foto Valeriy BUGAYEV
Foto Valeriy BUGAYEV

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиев өзінің баяндамасында өңірімізде 2023 жылға дейін жоспарланған және экологиялық кеңес бекіткен аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталға(гн жоба құрылғанын айтты.  Оның айтуынша жоба атмосфералық ауаны қорғау, биоәртүрлілік, энергия үнемдеу, тұтыну қалдықтарын басқару сияқты болктардан құрылады.

— Орманды қалпына келтіру және көгалдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, — деді Қадылжан Сәтиев. — Біз жасыл аймақтарды құру және дамыту үшін үш негізгі бағытты анықтадық. Бұл мемлекеттік орман қоры, қалалардағы орман-саябақ аймақтары және өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтары. Орманды қалпына келтіру жұмыстары мемлекеттік орман қорының алқаптарын бес жыл ішінде 1500 гектарға ұлғайтуға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны талқылауға қатысқан жұртшылық өз ұсыныстарын білдірді. Олардың бірі — автокөлік газын бақылауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жоспарға енгізу.

— Бұл өте маңызды сәт, өйткені өңірімізде зиянды газды мөлшерден аса шығаратын ескі көліктер қаптап жүр, — деді облыс әкімі Болат Бақауов. – Бұл мәселені шешу мақстаныда біз облыс орталығында экологиялық таза қоғамдық көліктердің санын арттыруды қолға алып отырмыз. Жақында қаламызға 10 электробус сатып алынады.  Сонымен қатар, қыркүйек айына дейін қалаға жаңа трамвайлар жеткізілетін болады. Экологиялық қауіпсіз қоғамдық көлікке біртіндеп көшу өз нәтижесін беруі тиіс.

Жарыссөзге ғалымдар да қатысты. Биология ғылымдарының докторы Қанат Ахметовтың айтуынша, Павлодар облысында биологиялық мониторинг жүргізу қажет.

— Менің оқушыларым бұрын біздің өңірде зерттелмеген түрлерге байланысты бірнеше зерттеулер жүргізді, — деп мәлімдеді С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілі. – Еуропаның ірі өзендерінде жоғалып кеткен мамыр-күн мен көктемдіктер сияқты микроорганизмдердің Ертіс өзенінде өмір сүретінін анықтадық. Бұл организмдер қандай жағдайда, олардың популяциясы қандай – осының барлығы Ертістің және оның тармақтарының ластану деңгейінің көрсеткіші болмақ.

Мамандардың айтуынша, аймақта Ертіс алқабын солтүстікамерикандық циклахена деп аталатын арамшөппен ластану мәселесі өзекті болып отыр. Ол байырғы өсімдіктерін ығыстыруымен қауіпті.

— Циклахена жаулаған жерде басқа ешқандай өсімдіктер өспейді, — дейді биолог Татьяна Пономарева. — Жайылымдағы жем-шөп аз болады да, циклахена жайылып өседі. Екінші кезеңде аллергенді өсімдіктерді айтуға болады. Тамыз айында көптеген қала тұрғындары жусанға аллергиясы бар деп ойлайды, бірақ көбінесе олардың аллергиясы циклахенаға байланысты болады.

Жергілікті билік өкілдері ғалымдар мен жұртшылықтың барлық ұсыныстарын жаңа жобаға енгізуге уәде берді. Құжат үш айдан кейін бекітуге ұсынылады. Кездесу соңының қорытындысында сз алған аймақ басшысы облыс орталығындағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшыларына үкіметтік емес ұйымдардың алдында  ашық  болып, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен тоқсан сайын кем дегенде бір рет  кездесулер өткізіледі деп уәде берді.

Әлихан Рахметоллаұлы