Павлодар облысының Железин ауданында Дербісәлі батырға құлпытас орнатылды

Абылай ханның кеңесшісі болған батырға ескерткіш кең далада, Марқатай ауылына жақын жерде орналасқан. Сонымен қатар, ұйымадстырушылар Церковное ауылында Дербісәлі батырға арналған ғылыми конференция өткізді.

— Дербісәлі батыр туралы Шоқан Уәлихановтың өзі жазған, ол туралы ақпарат ескі энциклопедияларда, белгілі тарихшы Зарқын Тайшыбайдың еңбектерінде бар, — дейді Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының бөлім меңгерушісі Ербол Қайыров. – Дербісәлі құлпытас орнатқан жерде қойылған. Дербісәлінің уақ руынан шыққаны, Железин ауданындағы Марқатай ауылына жақын жерде жерленгені туралы ақпарат энциклопедияда табылған. Біз осында келіп іздестіре бастадық, ақсақалдармен әңгімелестік. Олардың бірі – батырдың сегізінші ұрпағы Келден аға балалық шағында атасымен бірге осында жиі келгенін, дұға оқығанын айтты. Бізге қажетті орынды есіне түсірді. Бір кездері мұнда саман мазар тұратыны анықталған. Бірақ ол 1940 жылға қарай қиратылған.

— Үлкен жұмыс атқарылды және біз батырдың жерленген орны белгіленгеніне қуаныштымыз, — деді жергілікті кітапхана қызметкері, әдіскер Әсем Омарова. – Біз көктемнен бастап осы бағытта жұмыс істедік. Дербісәлі батыр Абылай ханға жақын болған әскери адам ғана емес, би болған. Ол туралы ақпаратты біз әзер жинадық: мұражайларды аралап, әдебиеттерді және газет тігінділерін зерттедік, қажетті кітаптардың кейбірі Бұқар жырау атындағы мұражайда табылды. Дербісәлі батырды Абылай ханның өзі қатты құрметтеген. Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде Абылай хан Дербісәліні Қазыбек бимен бір қатарға қойғаны айтылған: оның заманындағы ер адамдардың арасында тек осы екеуі ғана «таң қалуға» лайық деп санаған.

— Барлығы жоңғар билеушісіне барып сөйлесіп, тұтқындарды босатуға қол жеткізген Қазыбек би туралы біледі, — дейді Баян батыр қорының Павлодар облысы бойынша төрағасы Сұңғат Тапалшинов. – Дербісәлі ауылда отырып-ақ келісімге қол жеткізген. Белгілі қолбасшы, Абылай ханның кеңесшісі болған. Ханның нұсқауы бойынша ол осы орындарға жауапты болды. Жалпы, біздің жеріміз көрнекті тұлғаларға бай. Дербісәлі ескерткішін ата-бабаларымыз туралы және тарихты кейінгі ұрпақ білсін деген мақсатпен қойдық.

Павлодарлық өлкетанушы Аманжол Хамиттің мәліметтері бойынша, Железин ауданы мен Тереңкөл ауданында тағы 30 батыр жерленген тарихи

орындар бар. Алдағы уақытта ғалымдар батырларға ескерткіш орната отырып, олардың аттарын мәңгі есте сақтауды жоспарлап отыр.

Ақпарат және суреттер «Pavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынд