Павлодар облысының экономикасы жыл басынан бері 3,2 пайызға өсті

Мәслихат депутаттарының алдында есеп беру кездесуінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдің тұрақты дамуын және барлық базалық макроэкономикалық көрсеткіштердің “үдеуін” сақтайтынын мәлімдеді.

Өңір басшысы депутаттар алдында 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ол аймақ дамуының қарқыны жыл соңына дейін сақталатынын атап өтті.

– Есепті кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындар 969 млрд теңгеге өнім шығарды, бұл өткен жылғыдан 9 млрд. теңгеге жоғары», – деді әкім. – Өндірістің өсуі көмір өндірісін 2% -ға, мыс кенін және концентратты 27,4% -ға, ферроқорытпаларды өндіруді 10,5% -ға ұлғайтуға байланысты болды.

Бүгін Павлодар облысының кәсіпорындарында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту жалғасуда, жаңа нысандарды іске қосу қамтамасыз етіледі. Индустрияландыру картасы бойынша 45 жұмыс орнын құрумен 55,4 миллиард теңге сомасына үш жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Ең ірі жоба – “ЕЭК” АҚ-дағы № 5 энергоблокты қайта жаңарту, оны іске қосу қыркүйек айына жоспарланған. Тағы 2 жоба-“Богатырь-Инвест” ЖШС темір бетон бұйымдарын өндіруді ұйымдастыру және “Павлодар өзен порты” АҚ құм блоктарын шығару.

– Біз электр энергиясын өндіруді тағы да 4 миллиард кВт/сағатқа ұлғайту бойынша резервке иеміз, – деп мәлімдеді Болат Бақауов. – Станция 1,1 мың МВт көлемінде еркін қуаттылыққа ие және арзан электр энергиясын бере алады. Бұл біздің бәсекелестік артықшылығымыз. 1 мың МВт электр энергиясы бар профициті кВт/сағ құны 8,0 теңге болғанда жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік береді.

Аймақ басшысының айтуынша, бастапқы кезеңде 500 МВт қосалқы станция мен 500 кВт ЭБЖ құрылысы қажет. Бұл Екібастұз ГРЭС-1 тоқтап тұрған энергия блоктарының жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және жылына 2,6 миллиард кВт/с көлемінде электр энергиясын өндірудің өсуін қамтамасыз етеді.

 

Әлихан Рахметоллаұлы