Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Жазғы мектеп» іс-шарасын өткізді

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары Барнауыл қаласының Алтай мемлекеттік университетімен бірлесіп «Жасыл экономикадан жаңа типтегі экологиялық мәдениетке» жазғы мектебін өткізді.

Жазғы мектептің жұмысы университеттің Баянауыл ауданындағы «Баянтау» спорттық-сауықтыру лагерінің базасында өтті.

Жазғы мектептің басты мақсаты — география, турзим және экология, сонымен қатар, болашақ мамандардың жалпымәдени қасиеттерін, кәсіби білімдері мен дағдыларын дамыту. Мектептің жұмысы барысында қызықты тренинг-семинарлар өткзіліп, қатысушылар экскурсиялық маршруттармен сапарлар жасады.

Негізгі дәріскерлердің қатарында гегорафия ғылымдарының кандидаты, Алтай мемлекеттік университенің аймақтық маркетинг, турзим және рекреациялық география кафедрасының меңгерушісі Александр Редькин, ПМУ жаратылыстану және химиялық технологиялар факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Қанат Ахметов, педагогика ғылымдарының кандидаты. география және туризм кафедрасының меңгерушісі Динара Есімова және биология ғылымдарының кандидаты, доцент, ПМУ-ің биология және экология кафедрасының меңгерушісі Айнагүл Қалиева болды.

Сонымен қатар, екі университеттің сарапшылары Алтай өлкесі ормандарының мәселесі, эко-отель құрылысы мен концепциясы, «жасыл экономика», турзим және экологиялық мәдениет тақырыптарына қатысты мәселелерге арналған баяндамалар жасады.

Әлихан Рахметоллаұлы