Павлодар мемлекеттік университетінің студенті халықаралық форумда баяндама жасады

С. Торайғыров атындағы ПМУ орыс филологиясы кафедрасының профессоры Тина Маняпова мен АІ-201 тобының студенті Аяулым Мұқатаева Новосібір қаласында өткен «ХХІ ғасыр студенті: диалог, өзара түсіністік, толеранттық» тақырыбнда өткен ІІІ халықаралық студенттер форумына қатысты. Новосібір мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің 90 жылдық мерейтойв аясында ұйымдастырылған шараға шетелдік бакалаврлар, магистранттар мен аспиранттар қатысты. Форумда Ресей, Вьетнам, Замбия, Үндістан, Қазақстан, Сербия, Камбоджа, Қытай, Корея, Сербия, АҚШ, Швейцария және басқа елдердің студенттері бас қосты.

Жас ғалымдар пәнаралық синтез форматы бағытындағы (әлеуметтік лингивистика, лингвистикалық мәдениеттану және этнолингвистика) зерттеу жұмыстарын таныстырды. Бірқатар елдің экономикалық мәселелері, менеджмент пен маркетингтік старетгиялары мен коммуникациялары, сонымен қатар, ұлтаралық қарым-қатынас сұрақтары турасында әңгіме қозғалды.

— Өз мәдениетінің құндылығын түсіндіру, білімді болу және өзге халықтардың мәдениетін құрметтеу, ашықтық, өз ойыңды қысылмай жеткізу, қарым-қатынас орнатуға тіл таңдау еркіндігі — бұл фестивальдің табысты өтуіне әсер ететін негізгі факторлар. Оның мақсаты толерантты көптілді ортада көптілді білім беру мәселелерін шешуді көздейді», — дейді Тина Маняпова.

Бұл идеялар Аяулым Мұқатаеваның баяндамасына арқау болды. Студент Қазақстанда көптілді білім беру ортасында толеранттылықтың даму мәселесін қарастырды.

Ауқымды форум «Сібір көктемі» фестивалімен тәмамдалды. Шараға қатысушылар шығармашылық жұмыстарын таныстырып, ұлттық өнерлерін паш етті.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы