Паспорт және жеке куәлік алу бойынша жеңілдігі бар санаттар

Салық кодексі 622-бабының 4-тармағына сәйкес, паспорт, жеке куәлік, тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылатындар:

• ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;

• Кеңес одағының батырлары және Социалистік еңбек ерлері;

• барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек баланың ата-анасының бірі;

• мүгедектер мен қарттарға арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;

• жетім балалар және балалар үйінде немесе интернаттарда тұратын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

• «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;

• Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

К.Б.Аманкулов, Сарысу аудандық ХҚК бөлім басшысы