ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ БАЗАРДА 400 ЖҰМЫС ОРНЫ БЕРІЛМЕК

Қалада кәсіпкер өз қаражатына 5100 шаршы метрді құрайтын заманауи талапқа сай базар салған. Алматы А-2 тасжолындағы сауда орталығында жалпы 400 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар нысанды аралау барысында аталған базарда болып, кәсіпкерлермен кездесті. Нысан иесі сауда орындарына сатушылар мен сатып алушыларды тарту бойынша көмек сұрады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлермен кездесу барысында мемлекет тарапынан бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет екенін жеткізген болатын.
Қала басшысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысына бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуді жүктеді. Тұран ауданында апта сайын өткізіліп жатқан жәрмеңкені аталған базарда ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ базарға қоғамдық көлік жүргізу мүмкіндігін қарастыру бойынша тапсырмалар берді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі