«Отыз жылдыққа-отыз аялдама» акция аясында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған аялдама безендірілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Отыз жылдыққа-отыз аялдама» қалалық акциясы жалғасуда. Тағы бір аялдамадан Сіз қызықты және танымдық ақпараттар ала аласыз.

 

 

Кезекті аялдама ұлтын әлемге танытқан алғашқы балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналды. Әр түрлі стильдегі күш атасы қазақ халқының қаһарманы ХХ ғасырдың басында Маньчжурия, Германия, Швеция, Ресей, Түркия, Иран, Ауғанстан, Сауд Арабиясы, Аргентинада джиу-джитсу және басқа да күрес түрлерінен өткен әлемдік жарыстарда жарқырап, француз күресінен әлем чемпионы атанды.​ ​ Аялдама стендтерінде өмірбаяндық мәліметтер, палуан жекпе-жектерінің хронологиясы орналасқан. Алаштың алып тұлғасының​ тағдыры жас спортшыларды, өскелең ұрпақты адам үшін ештеңе мүмкін еместігін, өмірде көп нәрсеге қол жеткізуге болатындығын оған айқындалған мақсат, толассыз еңбек, күш-жігер, қажымас қайрат қажет екенін тағы да дәлелдейді.​

 

 

Кезекті аялдаманың сыртқы келбетін өзгертуде демеушілік көрсеткен «Балқаш қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ. Жақын арада қаламыздың тағы да бірқатар аялдамалары тақырыптық безендірілетін болады.