Өткен тәуліктер еліміз үшін сын сағатқа толы болды

Құрметті тараздықтар!

Өткен тәуліктер еліміз үшін сын сағатқа толы болды. Бүгінде жағдай жедел штабтың қатаң бақылауында.

Бүгін Таразда қоғамдық көлік қатынасы қайта жанданды. 34 бағытта 222 автобус жолға шықты.

Барлық коммуналдық мекемелер, емханалар, Халыққа қызмет көрсету орталықтары штаттық режимде жұмыс істеуде.

Дүкендер, базарлар, сауда орталықтары төтенше жағдай режиміне сәйкес белгіленген уақытпен халыққа қызмет көрсетуде.

Қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Наубайханалар жеткілікті көлемде нан өнімдерін шығаруда.

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасымен зақым келген 6 нысанда қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

Осы күндері жергілікті билікпен бірге халықты қоғамдық тәртіпке, сабырға шақырған зиялы қауымға, спортшылар мен барлық азаматтарға алғысымды білдіремін.

Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын!

Е. Жылқыбаевтың фб парақшасынан