ӨТЕ КЕРЕМЕТ ОҚИҒА

Бір жігіт үйленіпті..
Үйлену тойының бірінші күні өзі, жаңа келіншегі және анасы үшеуі дастарxан басына жиналыпты.
Күйеуі дастарxан басында жаңа келіншегіне ерекше құрмет көрсетіп үлкен-сәнді кесемен тамақтың ең құнарлы жерін ұсыныпты.
Ал анасына көңіл аудармастан, қарапайым кесемен тамақтың қарапайым жерінен ұсыныпты.
Бұны сезген текті әрі дана келіншек, күйеуіне:
«Менің талағымды беріңіз, сізбенен ажырасамын», – депті.
Күйеуі сүйіп қосылған келіншегін алған шешімінен қайтарамын деп көп жалыныпты, ақыры болмағасын күйеуі мұндай шешім қабылдауының сырын білгісі келіп далбасалап сұрағанда келіншек:
-Бұрыңғылар “Қанына тартпай тумайды, – деген екен. «Қалай жазаласаң солай жазаланасың»,- деген ескінің сөзі де бар. Мен сізден бала тапқым келмейді, өйткені егер бала тапсам, қазір анаңыз қорланғандай менде ертең қорланамынба,- деп қорқамын.” – депті.
Сонымен келіншек ол жігітпен ажырасып, анасына мейірбан-жақсылық жасаушы бір жігітке тұрмысқа шығыпты.
Арадан біраз жылдар өтіп, күндердің-күнінде керуенде түйенің үстіне қойылған түймешеде, бала-шағасының қызметінің аясында келе жатып, керуеннің соңында жаяу келе жатқан қараусыз бір шалға көзі түсіпті…
Сонда әйел:
“Ана ақсақалды қасыма алып келіңдер, – деп бала-шағасына бұйырып, шалды шақыртып алыпты. Сөйтсе ол бұрынғы күйеуі екен… Ол әйел жаңағы шалға қарап:
– Мені таныдыңызба? – деп сұрапты.
Сонда шал: Жоқ, – депті.
Сонда әйел:
– Мен сіздің бұрынғы келіншегіңізбін, мен сізге сол кезде; «Қанына тартпай тумайды. Қалай жазаласаң солай жазаланасың»,- деп айтпаппа едім.
Міне қараңыз, менің бала-шағам қалай қызметімді атқарып жүр, ал сіздің қартайған кезде жаныңыздан табылуы тиіс бала-шағаңыз қайда? – депті де,
«Сауап үшін мына ақсақалғада қамқор болыңдар», – деп бала-шағасына бұйырыпты.
Абу Жағфар: «Кей келіншектер үйде күйеуі өз анасынан келіншегін абзал қойып жатса, марқаяды. «Мені сүйед екен, мен үшін бәрінен баз кешеді екен», – деп көкірек қағады.
Бірақ бүгін келіншегі үшін анасынан баз кешкен жігіттен ертең өзінен де баз кешер бала табарын қиялынан тыс қалдырады»,-депті.
Атам қазақ: «Атаңа не істесең, балаңнан сол келер»,-деген еді.
“Жəннəт АНА лардың аяғының астында” . Аналарымызды құрметтейік Ер азаматтар.
Еркек Анасын құрметтемесе қатыны қайдан құрметтесін…