Отбасында үйлесімді қарым-қатынас құру мәселелері бойынша тренинг өтті

Бас прокуратурада «Отбасы. Балалармен қарым-қатынас» тақырыбында тренинг болып өтті. Оны «Харизма» оқыту және дамыту орталығының жетекшісі Людмила Серекбаева өткізді. Осы тренингті өткізу тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы форумының логикалық жалғасы болып отыр.

Іс-шараны ашқан Академия ректорының м.а. Наиль Ахметзакиров сабақтың құқық қорғау органдары қызметкерінің әрбір қызметкері үшін ерекше мәні бар екенін атап айтты. «Уақытпен шектелмеген жұмыс кестесі, қызметтегі стресс көп жағдайда отбасылық проблемаларға әкеліп жатады. Сондықтан осы оқыту біздің қызметкерлерді үйлесімді отбасылық қарым-қатынастар құруға және өзра сыйластықты арттыруға көмектесуге арналған», деді ол.

Бүгінде прокуратурада терең өзгерістер болып жатыр, қадағалау органдарын трансформациялау бағдарламасы іске қосылды. Барлық керексіз және артық жұмыстардан бас тартып, хылықтың қажеттілігіне ден қоюға басымдық берілуде. Осы мақсаттарға жету үшін адам ресурстарын дамытуға, қызметкерлерді үздіксіз оқытуға назар аударылуда.

Тренингке қатысқан Бас Прокруор отбасын нығайту, отбасылық құндылықтарды сақтау және бала тәрбиесі мәселелерінің ерекше өзектілігін атап көрсетті. «Мемлекет пен қоғам жанұядан басталады. Отбасында адамгершілік және рухани қасиеттердің негізі қаланады. Сондықтан әрбір жанұяда сүйіспеншілік пен қамқорлық атмосферасы орнығуы тиіс», деді Жақып Асанов. Сондай-ақ ол отбасылық қарым-қатынасты құрудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

 Тренинг барысында прокуратура қызметкерлері кәсіби бизнес-тренерден құнды ақыл-кеңестер алды. Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушыларға Академия құрастырған «Педагог кеңестері» атты жинақ табыс етілді, онда бала тәрбиесіне қатысты сұрақтарға жауаптар берілген.

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі