ОТБАСЫ – БЕРЕКЕЛІ БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

🔰Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында Отбасы күніне орай “Отбасы – болашақтың кепілі” атты семинар-тренинг өтті.
🔰Отбасының тұтастығы, шаңырақтың бірлігіне арқау болған шараға облысымыздан арнайы қатысқан тәжірибелі психолог, коуч Фатима Бизақова жүргізіп, қатысушылармен отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала қарым — қатынасы туралы терең ойларымен бөлісіп, түрлі практикалық жаттығулар жасады.
🔰Сонымен қатар семинарға аудандық полиция бөлімінің қызметкері Шакирова Айда, білім беру ұйымдарының психологтары, тәрбие завучтары, оңалту орталығы қызметкерлері, жастар және көпбалалы аналар қатысып, пайдалы ақпараттарға қол жеткізді.
🔰Қызықты тренинг түрінде өткен жиын қатысушыларға терең ой салып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
👨👩👧👦 Отбасы – мықты қоғамның негізі! Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы


