ОРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

Аймақта егін ору науқаны басталғанына екі аптадан аса уақыт өтті. Қазіргі кезде бұл жұмыстар Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында қызу жүріп жатыр.
Бүгінде облыс бойынша жиналатын 370,0 мың гектар масақты дәнді дақылдардың 34,2 мың гектары орылып, жалпы түсім 56,1 мың тоннаны (бункерлік салмақта) құрады.
Ал, облыс бойынша әр гектардан алынған өнім 16,4 ц/га құраса, Меркі ауданында – 17,8 ц/га, Т.Рысқұлов ауданында – 17,0 ц/га, Шу және Қордай аудандарында — 16,5 ц/га құрап отыр.
**
Сонымен бірге, аймақта шөп ору науқаны қызу жүруде. Бүгінгі күні 187,3 мың гектар көпжылдық шөп пен 52,3 мың гектар табиғи шабындық орылса, 1 013,9 мың тонна пішен, 42,7 мың тонна пішендеме, 38,2 мың тонна сабан дайындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасуда.

Көркем Асқар