«Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру тапсырмасы стратегиялық маңызы
Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының елорданы еліміздің батыс өңірлерімен жалғайтын «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру тапсырмасы стратегиялық маңызға ие.
Автожол құрылысы Үкімет басшысының бақылауында.
Осыған орай Көлік, Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығының және мердігер ұйым өкілдерінің қатысуымен кеңес өткіздім.
Онда «Орталық — Батыс» жобасын іске асыру, автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту, күзгі-қысқы кезеңде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мәселелерін талқыладық.
«Орталық — Батыс» жобасының жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысына, жер учаскелерін қаржыландыру, бөлу мәселелеріне, ағымдағы жағдайына қатысты хабарламалар тыңдалды.
Автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртудың шекара маңы инфрақұрылымын дамытуда маңызы зор. Пункттерде жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімі сақталуы тиіс. Кеңесте ведомствоаралық шешімді талап ететін мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын алдағы күз бен қыс мезгіліне дайындау, күтіп ұстау үшін қажетті техника, тайғаққа қарсы материалдар әзір болуы керек. Жол бойындағы қауіпсіз, үздіксіз қозғалыс жауапты мекемелердің басты назарында болуы тиіс.
Кеңес қорытындысымен құзырлы мемлекеттік органдарға түйткілдерді тез арада шешу, құрылыс сапасын қадағалау, ведомствоаралық үйлестіру және белгіленген мерзімді сақтау тапсырылды.



