«Онлайн-Сұхбат» бағдарламасының кезекті қонағы – Аманжол Әлтаев

Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен 2-16 сәуір аралығында күн сайын «Онлайн-Сұхбат» бағдарламасы тікелей эфирге шығады. Бүгінгі бағдарлама қонағы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Аманжол Әлтаев, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елімізге танымал айтыскер ақын Аманжол Әлтаев көп жылдан бері мәдениет және білім саласына үлес қосып келді. Қазіргі таңда ол Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры. «Онлайн-Сұхбат» бағдарламасы сағат 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының ресми парақшасында (NS_madeniet) өтеді. Бағдарлама жүргізушісі – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Жоспар бойынша бағдарламаға 15-тен астам қонақ шақырылады. Олардың қатарында ҚР Еңбек сіңірген артисі Ерік Жолжақсынов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Гүлмира Сарина сынды белгілі тұлғалар бар.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі