Өмірлік мақсат

Брендон Гримшоу деген ағылшын 13 мың долларға Сейшелдан адам аяғы баспаған елсіз арал сатып алыпты. Бұған дейін аралға 50 жыл бойы бірде бір адам бармаған екен. Брендонға досы Рене Лафортен көмектеседі. Екеулеп дымы жоқ аралға ағаш еге бестайды. Рене келіп, кетіп тұрады. Ал Брендон аралды мекендеп қалады. 39 жыл ішінде екі дос аралда 16 мың түп ағаш еккен. 2007 жылы Рене Лафортен қайтыс болады. Брендон жалғыз қалады. Ол ағаш егу арқасында аралға 2000 аса құс пен хайуанаттарды жинаған. Дүниежүзі бойынша құрып бара жатқан алып тасбақаларды әкеп, көбейткен.
Қазір Гримшоудың арқасында шөл боп жатқан аралдың үштен бірінде күллі Сейшел аралдарының фаунасы бар.
Сауд Арабия ханзадасы Брендон Гримшоуға осы арал үшін 50 миллион доллар берем, сат деп ұсыныс айтады. Бірақ ол бас тартыпты. «Бұл арал байлардың демалысы өтетін орынға айналғанын қаламадым, одан да Ұлттық саябақ жасағаным дұрыс» дейді Гримшоу. 2008 жылы аралға Ұлттық саябақ мәртебесі берілген.

Аударған Шынар Әбілда