Облысымыздағы автобус маршруттарын жетілдіру

Облыс әкімі Нұржан Молдиярұлының төрағалығымен өткен аппаратық кеңесте жалпы пайдаланымдағы автожолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстауға дайындық жұмыстарының барысы мен облысымыздағы автобус маршруттарын жетілдіру мәселелері бойынша баяндама жасадым.

Аймақта жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың ұзақтығы 3139 шақырымды құрайды, оның ішінде облыстық маңызы бар жол — 1756 шақырым, аудандық маңызы бар жол — 1383 шақырым.

Автожолдарды 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңіне дайындау бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалуы бақылауға алынған. Іс-шаралар жоспарында қажетті инертті материалдар қорын толық дайындау, жол техникаларының жағдайын тексеріп, қыс мерзіміне әзірлеу, сонымен қатар, өндірістік базалары мен бокстарды жұмыс деңгейіне келтіру жұмыстары мен 1 қарашаға дейін қысқы уақытша жол белгілерін орнату шараларын жүргізу қарастырылған. Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аса қажетті жол телімдеріне, атап айтқанда, тау асулары мен өрлерге, қарқынды қозғалысты қиылыстарға, теміржол өтпелері мен аялдамаларға тайғақтыққа қарсы материалдарды шығару, қыс мерзімінде жағымсыз ауа-райы салдарынан автожолдарда төтенше жағдайларды болдырмау және жедел шаралар қабылдау мақсатында мердігерлермен қысқы күтіп ұстауға қосалқы ұйымдарды тарту бойынша келісім-шарттарын жасау, тапсырыс беруші және мердігер ұйымдар тарапынан тәулік бойы кезекшіліктікті ұйымдастыру іс-шара тізбесінде көрсетілді.

Бүгінде автомобиль жолдарының қысқы кезеңге дайындығына зерделеу жұмыстары басқарма тарапынан жүргізілді.

Үстіміздегі жылдың қараша-желтоқсан айларында қысқы күтіп ұстауға 189 млн.теңге бөлінген. Бұл жұмыстарға 23 мердігерлік ұйымдар тарту жоспарланған. Анықталған мердігерлермен қазіргі таңда 186 бірлік жол техникалары мен жабдықтар, 7010 тонна құм, 890 тонна тұз дайындалған. Дайындықты зерделеу жұмыстарының қортытындысымен қыс маусымының күтіп ұстау үздіксіз, қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар қажеттілік тиісті деңгейде емес екендігі айқындалды.

Әрине, қыс – қатал сыншы. Аудандар тарапынан, жол-көлік оқиғалары немесе жолда пайда болған тайғақтық жағдайлары жөнінде тиісті мекемелерге дер кезінде хабарлама берілуін, оперативті ақпарат алмасуды қамтамасыз етуіне жұмыстар жүргізу оқыс оқиғалардың орын алмауы көп септігін тигізеді.

Келесі мәселе бойынша айтар болсақ, аймақта облысаралық маршруттар бар. Мысалға, Тараз қаласынан Алматы, Астана, Шымкент қалаларына жүретін маршруттар, ауданаралық (облысішілік қалааралық), Тараз қаласынан Меркі, Жаңатасқа, Мойынқұм, Шуға қатынайды. Ауданішілік маршруттар да ұйымдастырылады.

Басқарма тарапынан облысаралық 13 маршрут, ауданаралық 25 маршрут қарастырылған. Бүгінде облысымызда халықтың сұранысына сәйкес, Тараз қаласынан және аудан орталықтарынан Алматы қаласына 8 облысаралық маршрут, Шымкент қаласына 3, Қарағанды қаласы 1 маршрут, Астана қаласына 1 маршрут жолаушылыларды тасымалдаумен айналысады.

Тараз қаласы мен 8 аудан орталықтарын қосатын ауданаралық және қажеттіліке байланысты екі ауданды өзара қосатын 3 маршрут ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Тараз қаласын аудандардың елді мекендерімен қосатын 14 маршрут бар. Ауданаралық 25 маршруттың 2 маршрут әлеуметтік маңызы бар.

Облысаралық 13 маршрутқа 184 автобуспен 8 тасымалдаушы мекеме қызмет көрсетсе, ауданаралық 25 маршрутқа 194 автобуспен 10 тасымалдаушы мекемеге қызметі жүктелген.

Жалпы ауданішілік 53 маршрут қызмет көрсетеді. Оның ішінде 13 маршрут әлеуметтік маңызы бар маршруттар. Тараз қаласын қосқанда 371 елді мекеннің 355-інде тұрғын саны 100 адамнан асады, оның ішінде: қоғамдық көлікпен қамтылғаны 220 елді мекен, яғни бұл 61,9 пайызды құрайды.

Облысымыздың тұрғындар саны 100 адамнан асатын елді мекендерді 3 жылда қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсат қойып отырмыз, ол үшін қосымша 54 ауданішілік маршрут ашу қажеттілігі бар.

2021 жылы жаңа 30 автобус сатып алынды. Ағымдағы жылы қалаішілік 40 автобус алынды және қосымша үлкен сиымдылықты 29 автобус алу жоспарлануда.

Жиынды қорытдылыған аймақ басшысы күтіп ұстау жұмыстарын үздіксіз, қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында, қажетті инертті материалдар қорын 100 пайыз дайындауды, мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру барысында техникалық ерекшеліктеріне, әлеуетті өтінім берушілердің жабдықталған материалдық және техникалық базаларының болуына талап қоюды, қыс мезгіліндегі қажетті инертті материалдарды жабық бастырмаларда сақтауды қамтамасыз етуді, барлық жолдарға қыс маусымында қойылатын уақытша жол белгілерін орнатуды, кейбір кемшіліктер бойынша жауапты тұлғалардан жауаптар алып, қоғамдық көлік қозғалысын реттеуді, 2025 жылға дейін барлық елді мекен қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілу керектігін тапсырды.

Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы