ОБЛЫСТЫҚ «ЖАҢА ЕСІМ-2022» ЖОБАСЫНЫҢ ГАЛА КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Баласағұн» ОКЗ да Облыстық «Жаңа Есім-2022» жобасының Гала концерті өтті.
Шараны облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай ашып беріп, жастарға жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, «Жаңа есім» CD жинақтың тұсауын реси түрде кесті.
2016 жылы бастау алып, биыл үшінші мәрте өткізіліп жатқан жобаға өңірдің 14 пен 25 жас аралығындағы 400-ге жуық талантты жастары «Вокал», «Дәстүрлі ән» және «Аспапта орындау» номинациялары бойынша аудандық, қалалық іріктеу кезеңіне қатысып, бақтарын сынады.
Нәтижесінде үздік деп танылған Алина Тоқтағұл, Мұхамедали Талғатов (Т.Рысқұлов), Азат Қадырбек, Лаззат Асиратдинова (Меркі), Әсел Бөбек (Мойынқұм), Динара Әділ (Байзақ), Шапағат Балтабай, Тимур Ким (Қордай), Нұрай Әбілда, Бауыржан Бегалы (Жамбыл) сынды 10 үміткер шығармашылық тәлімгерлерімен бірге, яғни облысқа белгілі, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілермен Гала-концертте өнерлерін паш етті.
Іс-шара соңында жеңімпаздар жобаның гимнін бірге шырқап, оларға облыс әкімінің «Ықылас гүлі» тарту етілді.
Жалпы шараның мақсаты өңірдегі жас таланттарды іздестіру, үлкен сахнаға шығару, оларға қолдау көрсету, облыстағы әншілер мен аспапта орындаушылар қатарын жаңа жас дарынды буын өкілдерімен толықтыру болып табылады.