ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ АУДАНДА БОЛДЫ

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Нұралиев Абдалы Тоқбергенұлы жұмыс сапарымен ауданда болып, аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұртас Саурықовпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, қазіргі жағдайымен танысты.
✅Алдымен Абдалы Тоқбергенұлы Қарабөгет ауылындағы кіре-беріс автомобиль көпірінің және А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің жұмыстарымен танысты. Онда аудан әкімі Ә.Балқыбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаевтар аталған нысандардағы проблемалық мәселелердің барысы туралы айтып, түсінідіріп өтті.
Сонымен қатар аудан орталығы Мойынқұм ауылындағы Жамбыл мектеп гиназиясының және Көкжелек ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің техникалық жағдайымен танысты. Онда Жамбыл мектеп гиназиясының спорт залын кеңейту және Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің үшінші қабатын пайдаланбай тұрғаны талқыланды.
Сонымен бірге Абдалы Нұралиев Биназар ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасы аясында жұмыстармен және «Биназар Агро» ШҚ кооперативінің жағдайымен танысты. Мұнда кооператив жетекшісі Бағдатбек Асқаров жоба бойынша алған техникаларын көрсетіп,алдағы жоспарларымен бөлісті.
♦Сапар барысында Абдалы Нұралиев көтерілген мәселерді толық зерделеп, алдағы уақытта жүзеге асыру үшін тиімді тұстарын қолдайтынын жеткізді.

Мойынқұм ауданы әкімдігі