ОБЛЫСТАҒЫ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕР 100% БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 567 мектепке дейінгі ұйымдарда 59 017 бала тәрбиеленуде және 445 күндізгі мектепте 237 632 оқушы білім алуда. Ағымдағы жылы облыстағы білім беру жүйесін қаржыландыруға 236,6 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Досыбаева айтты. Оның мәліметінше, ағымдағы жылы оқушылар оқулықпен және оқу-әдістемелік кешендерімен 100% қамтылған. Цифрландыру әлемдік ауқымдағы трендке айналған заманда облыста 54 IT сыныбы ашылған.
❗️ — Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар атқарылуда. 2022-2023 оқу жылында 7 922 мүмкіндігі шектеулі баланың 6 233-і оқумен және тәрбиемен қамтылды. Облыста осы бағытта жұмыс жасайтын 29 арнайы мекемелер мен кабинеттер бар. Сондай-ақ, халықаралық «Мүгедектер күні» қарсаңында ерекше білімді қажет ететін балаларға консультацияларға демеушілердің есебінен қызметтік 5 «Largus» автокөліктерінің кілті табысталды,- деді А. Досыбаева.
©️©️©️
✅ Баспасөз конференциясы соңында Айдын Орынбекқызы, балалардың қауіпсіздігі де басты назарда екендігін атап өтті. Яғни, облыстағы 445 мектептің, 567 мектепке дейінгі ұйымдардың барлығыда 100% бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, жыл соңында Тараз қаласының Арай алқабындағы 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріліп, оқушы орын тапшылығы бар 2 мектептің мәселесі шешіледі.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі