ОБЛЫСҚА «ГЕРЕФОРД» БҰҚАЛАРЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Үй іргесіндегі төрт түлікті, оның ішінде мүйізді ірі қараны асылдандыру мақсатында Шу ауданына Қостанай облысынан 32 бас асыл тұқымды герефорд бұқалары жеткізілді.
Орта жасы 13-15 айды құрайтын, салмағы 420-450 келі болатын бұқалар ветеринариялық қызмет базасына енгізіліп, мал дәрігерлерінің лабораториялық және басқа да тексерулерінен өткізілуде. Алдағы уақытта екі жақты келісім шарт негізінде 1 жылға тегін берілетін ірі қаралар аудандағы 7 шаруа қожалыққа таратылатын болады.
Айта кету керек, бүгінгі күні жергілікті шаруалар тарапынан қосымша тағы 30-35 бас асыл тұқымды бұқаларға тапсырыс түскен.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы