ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ОРДАБАСЫДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ОРДАБАСЫДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Ордабасы ауданынына жұмыс сапарымен барды. Аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жай-күйімен танысты.
Ауданда жиырма шақты мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде аудандық мәдениет үйінен бөлек, клуб мекемелері мен ауылдық мәдениет үйлері бар. Төрткүл мәдениет үйіне барып, тыныс-тіршілігімен танысты. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына сай, ұсыныс беруді атап өтті. Мәдениетті қалыптастыруға, көрермен мен оқырман тартуға жағдай жасау қажет деді. Үйірме жұмыстарын күшейтуді, гардероб ұйымдастыруды, әжетхана жағын ретке келтіруді тапсырды.
Аудан тұрғындарын спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 169 спорт нысаны жұмыс жұмыс істейді. Оған қоса Темірлан ауылынан 250 орындық спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс алаңына барған Ертай Кенжебекұлы мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды. Спорт нысанында тек ұлдарға ғана емес, қыздарға арналған спорт түрлерін де қолға алу керек деді. Соның ішінде көркем гимнастиканы қамтуға тапсырма берді. Салынып жатқан спорт нысандарының арқасында ауданның спорт инфрақұрылымы жақсаруда.
Жұмыс сапары аудандық «Жастар ресурстық орталығында» жалғасты. Ордабасы ауданында 14-35 жас аралығында 40 мыңға жуық жас бар. Әкім орынбарасы атқарылып жатқан дүниелерді көзбер көріп, оң бағасын берді. Мемлекеттік бағдарламалар мен жастар саясатын жүзеге асыру барысында жастардың үлесін атап өтті. Сонымен қатар олардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында оларды қызықтыра отырып, түрлі үйірмелерге тарту керектігін жеткізді.
Темірланның көшелерін жаяу аралап әкім орынбасары ескерткіштерді сырлап, қайта қалпына келтіруге ұсыныс берді. Содан соң аудандық мәдениет үйіне барды. Мұнда тиісті бөлім мен орталықтандырылған кітапхана, спорт және өнер үйірмелері орналасқан. Зал 300-ден аса көрерменге арналған. Аудан өнерпаздарынан бөлек, «Темірлан» халық театры мен «Ордабасы» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Жұмыс сапары жаңадан салынып жатқан «Шәмші» аллеясында қорытындыланды. Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне қолға алынған құрылысты қыркүйек айында аяқтау көзделуде. Онда сазгердің ескерткіші, сахна мен орындықтар орнатылады. Облыс әкімінің орынбасары ескерткішті орнатпас бұрын, жауапты мемлекеттік органдармен және республикалық комиссиямен тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Содан соң мұнда ұлы сазгерге арналған ауқымды іс-шара өткізу барысы талқыланды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі