Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына бүгіннен бастап Рахия Тұрмаханбетова басшылық етеді деп хабарлайды «Zhambylnews».

Тұрмаханбетова Рахия Сейтбекқызы 1962 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983-1986 жылдары Жуалы ауданы Т.Рысқұлов атындағы кешкі мектептің математика пәнінің мұғалімінен бастаған.

1987-1992 жылдары Жамбыл облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, жастар ісі жөніндегі бөлім меңгерушісі болған.

1992-1994 жылдары облыстық комитеттің жастар ісі жөніндегі бөлімнің бас маманы, жастар ісі жөніндегі бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

1998-2003 жылдары облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бөлімінің бас маманы болып еңбек еткен.

2004-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет еткен.

2007 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болды.