Оңтүстікте кооперативтерді қолдау қарқын алды

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында құрылған кооперативтерді қаржыландыру жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы «Үш жақты» іс шара жоспары аясында бөлінген 8 млрд. теңгенің 3,2 млрд. «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша, «Аграрлық несие корпорациясы» облыстық филиалы арқылы 1,3 млрд және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» облыстық филиалы арқылы 1,9 млрд. қаржы бөлініп, ол толығымен игерілді. Сонымен қоса, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» облыстық филиалының жарғылық капиталы арқылы 3,5 млрд. қаржы игерілді. Оның ішінде қарқынды бау кооперативтерін дамытуға 1,9 млрд қаржы берілді. Қалған қаражаттарды несиелендіруде ауыл шаруашылығы кооперативтері тарапынан сұраныс қаржылары қабылданып, толықтай қаражатты игеру жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі жылдан-жылға артып келеді. Мәселен өткен жылы, саланы қолдауға 32 млрд теңге қаралса, 2017 жылы 34 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржының 26,9 млрды 13 бағдарлама бойынша шаруаларға субсидия ретінде берілуде. Жалпы биыл 40 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мемлекеттік қолдауға ие болды.

Нұр МЕКЕН,

ОҚО