Оқушылары озық мектеп

Айша бибі ауылдық орта мектебінің білім алушылары бірнеше тілді меңгеріп келеді. Себебі мектебімізде басқа да ұлт өкілдерінің балалары білім алып жүр. Атап айтсақ, түрік, балқар, орыс және өзге де этностардың балалары оқиды.

Сонымен қатар мектебіміздің оқушылары ағылшын тілі пәні бойынша олимпиадаларға, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Атап айтатын болсақ, аудандық пәндік олимпиадаға мектебімізден ағылшын тілі пәнінен екі оқушымыз қатысып, жүлдеге қол жеткізді. Асылай Шүкірбай – I орын (пән жетекшісі Итқұлова Дариға), Аида Нағашыбаева – жүлделі III орын (пән бойынша жетекшісі Төребекқызы Майра).
Шүкірбай Асылай облыстық кезеңге жолдама алып, бағын сынап көрді. Сонымен қатар оқушыларымыз республикалық «Qaz.test» байқауына қатысып, диплом, сертификаттармен марапатталды.

Майра ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ,
Айша бибі орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,

Жамбыл ауданы