ОҚО-да жаңа жыл түні 300 бала туылған

Оңтүстік Қазақстан облысында 31- желтоқсаннан, 1-қаңтарға қараған түні 300 бала дүние есігін ашыпты. Бұ жөнінде жергілікті «ON’TU’STIK» телеарнасының редакторы Гүлсанат Қалмырзақызы өзінің «фэйсбуктағы» парақшасына жазды.«Ит жылы — құт жылы болып басталды. Сағат тілі 12 -ні соққанда, оңтүстікте 300 бала өмірге келген. Бір ғана Шымкент қалалық екінші перзентханада жаңа жыл түні 26 нәресте туылды. Мереке күндері Эльмира Ағабекқызы бастаған ұжым қызметкерлері табанынан тік тұрып жұмыс істеді. Нәтижесінде 26 бала да ана да дін аман. Денсаулықтары жақсы. Бұл туралы толығарақ арнамыздың жаңалықтарынан көріңіздер. 16-00. 18-00 және 21-00 дегі шығарылымды өткізіп алмаңыздар! «ON’TU’STIK» телеарнасы сіздер үшін» деді ол.

Айта кету керек, оңтүстік өңірі бүгінде ел демографиясының лакомотивіне айналып отыр. Сол себепті, әр жылы мұнда мекетп табалдырығын аттаған балалардың саны 20-30 мыңға артып отырады екен.