«Нұрлы жер» бағдарламасының іске асыру барысы

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Имаммахмұт Шағырбаев мәлімдеді.

Көрсеткіштер.

Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 50,1 млрд.теңге сомасына орындалды және нақты көлем индексі 90,6% құрады.

Алайда, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша оң серпінге қол жеткізіледі деп күтілуде.

412,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді және пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішіне 72,4% – ды құрады.

Жалға берілетін тұрғын үй.

Халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 2,9 млрд. теңге бөлінді.

6 жоба жүзеге асырылуда, сондай-ақ 67 пәтер сатып алу жоспарлануда, қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес игерілуде, жыл соңына дейін көлемі 23,5 мың шаршы метр 419 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Несиелік тұрғын үй.

Ағымдағы жылы несиелік тұрғын үй құрылысына көлемі 22,4 мың шаршы метр 432 пәтерлік бір жобаны іске асыруға 4,0 млрд.теңге бөлінді, объектінің құрылысы басталды, аяқтау 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарлануда.

Сондай-ақ, өткен жылдары басталған 2 жоба іске асырылуда, оларды аяқтау а. ж. соңында жоспарланып отыр.

Осылайша, жыл соңына дейін осы бағыт бойынша Ақтау қаласында алаңы 27,962 мың шаршы метр 627 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталады.

ИКИ құрылысы.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 3,2 млрд. теңге бөлінді. 10 жоба жүзеге асырылуда.

Жобалар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады, қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес игерілуде.

Коммерциялық тұрғын үй құрылысы.

Ақтау қаласының аумағында 70-тен астам коммерциялық тұрғын үй нысанының құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ үлескерлердің қаражатын санкцияланбаған тәсілдермен тарту фактілері бар.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңға сәйкес»:

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мынадай тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:

1) кепілдік беру Қорының кепілдігін алу;

2) Екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;

3) көп пәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

Қазіргі уақытта бірде-бір құрылыс компаниясының үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ.

Осыған байланысты пәтер алуға тілек білдірушілер тұрғын үй сатып алудың басқа да құралдарын, оның ішінде:

– тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі;

– ипотекалық бағдарлама 7-20-25;

– «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы.

МО құрылыс, сәулет және

қала құрылысы басқармасы