Нұр-Сұлтанға кезекті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді

24 шілде күні елордаға коронавирус, пневмония және басқа да бірқатар ауруларды емдеуге арналған кезекті дәрі-дәрмек партиясы ұшақпен жеткізілді. Сонымен қатар қалаға тағы 120 мың қорап дәрі-дәрмек, атап айтсақ 32 мың вирусқа қарсы препарат, 31,5 мың антикоагулянт және т.б. әкелінді. Сондай-ақ қала дәріханалары ксарелто, кардиомагнил, азитромицин, аспирин, дексаметазон, бромгексин, верошпирон, слемоксин, флемоклав, осельтамивир, эргоферон, кагоцел, арбидол, лавомакс, гроприносин және т. б. дәрі-дәрмектермен қосымша толықтырылатын болады. Шілде айының ортасынан бастап қалаға 90 тоннаға жуық дәрі-дәрмек әкелінді. Дәрілердің тағы бір партиясы ертең (25 шілде) жеткізіледі. Барлық дәрі-дәрмектер тексеруден өткен соң (1-2 күн), дәріханалардың ірі желілеріне бөлінеді. Бұл гуманитарлық көмек емес. Әкімдік дәріхана желілерінің дистрибьютерлеріне дәрі-дәрмек сатып алу үшін айналым қаражатын бөліп, тасымалдауға көмек көрсетеді. Бұдан басқа, ауруханалар мен емханаларға коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін қосымша медициналық жабдықтар келіп түсетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, дәрі-дәрмекті жеткізу және қосымша медициналық жабдықтарды сатып алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.