Нұр-Сұлтанда қар тазалау тәулік бойы жүргізілуде

Ақпанның 20-нан 21-не қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1202 техника бірлігі мен 123 жол жұмысшылары жұмылдырылып, 36885 текше метр қар шығарылды (3074 рейс). 21 ақпан күні қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1536 техника бірлігі мен 1495 жол жұмысшылары тартылды. Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 4296472 текше метр қар шығарылды (340997 рейс).