Нұр-Сұлтанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар өз бағасымен сатылуда

Нұр-Сұлтанда карантин кезеңінде ірі сауда желілері бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын үстемақысыз – өз бағасымен сатуда. Мысалы, елордада барлық Small супермаркет желілері осы жұмыс принципіне көшті. Magnum сауда желісі карантин кезеңінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар өнімдерді өз бағасынан арзанға сатады. КеңMart гипермаркеті 1 сәуірден бастап 130 тауардың бағасын 5%-ға төмендетті; картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат өз бағасымен сатылады. Елорда әкімдігі нарық қатысушыларымен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Елордада тұрақтандыру қоры құрылып, бөлшек сауда желілерін жеңілдетілген несиелеу бойынша жұмыс жүргізілді – «айналым механизмі» жобасына бірқатар ірі сауда желілері мен базарлар қатысуда. Осылайша, қала әкімдігі нарық қатысушыларына қолдау көрсетуде.