Нұр-Сұлтан әкімдігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша пәрменді шаралар қабылдауда

Қалада бағаны ұстап тұру үшін өз тиімділігін дәлелдеген бірқатар шаралар қабылдануда,
деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Атап айтқанда, бірінші қажеттілік
тауарларын сатып алу үшін операторларға және сауда желілеріне жеңілдікті қарыздар
беру бойынша «Айналым тетігі» жобасы іске асуда. «Айналым тетігі» шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарттарға қол қойылды және күріш, қарақұмық
жармасы, күнбағыс майы, көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат), бакалея және сүт
өнімдері сияқты бағалардың өсуі байқалған бірінші қажеттілік тауарларын тіркелген
бағалар бойынша сатып алу және сату үшін жеңілдікті қарыздар бөлінді. Өнімдер Magnum
Cash & Carry, Small, «Астықжан», «КеңМарт», «Вкусмарт», AQMOL сауда желілерінде,
«Шапағат», «Евразия», «Артем», «Биг Шанхай» базарларында сатылады. Сонымен қатар,
қалада тұрақтандыру қоры қалыптасқан. Үш жыл ішінде қорға 12 мың тонна өнім сатып
алынды. Қорда 4 895,4 мың тонна азық-түлік бар. Елорданың азық-түлік белдеуі аймағына
Ақмола облысының 17 ауданы және Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді.

Акиматом Нур-Султана принимаются действенные меры по обеспечению

продовольственной безопасности

Для сдерживания цен в городе принимается ряд мер, доказавших свою эффективность,
передает официальный сайт столичного акимата. В частности, реализуется проект
«Оборотный механизм» по предоставлению льготных займов операторам и торговым
сетям для закупа товаров первой необходимости. В рамках «оборотного механизма» с
субъектами предпринимательства подписаны договоры и выделены льготные займы для
закупа и реализации по фиксированным ценам товаров первой необходимости, по
которым наблюдается рост цен, таких как рис, крупа гречневая, подсолнечное масло,
овощи (картофель, морковь, лук, капуста), бакалейная и молочная продукция. Продукция
реализуется в торговых сетях Magnum Cash & Carry, Small, «Астықжан», «КеңМарт»,
«Вкусмарт», AQMOL на рынках «Шапағат», «Евразия», «Артем», «Биг Шанхай». Кроме
того, в городе сформирован стабфонд. В течение трех лет в фонд закуплено 12 тыс. тонн
продукции, в запасах имеется 4 895,4 тыс. тонн продовольствия. В зону
продовольственного пояса столицы входят 17 районов Акмолинской и 4 района
Карагандинской области.