Не жетім

Ар жетім болар егерде,
Арыңды біреу лайласа.
Бақ жетім болар егерде,
Бағыңды біреу байласа.
Көз жетім болар егерде,
Көз қырын ешкім салмаса,
Сөз жетім болар егерде,
Сөзіңе ешкім нанбаса..
Ән жетім болар егерде,
Әніңе ешкім қонбаса.
Қыр жетім болар егерде,
Қыратқа гүлдер толмаса.
Көл жетім болар егерде,
Аққулар Қаздар қонбаса.
Сыр жетім болар егерде,
Сырласар досың болмаса..
Дау жетім болар егерде,
Төрелігін де даттаса.
Адал ішіп арам деп,
Шоққада басын таптаса.
Сәбилер жетім егерде,
Жастайда кетсе Анасы.
Жүрекке түсер мәңгілік,
Жетімдіктің бір шамасы.
Анасындай болмайдау,
Әкелердің Данасы