Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалысы туралы

Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері 1666 адам хабарласты, оның ішінде 1600-і жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 586 адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 3,8 %.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарында 126 азаматты оқыту жоспарланды. Қәзіргі таңда қажетті мамандықтардың сұранысы жинақталып жатыр.

Техникалық және кәсіптік оқыту бойынша ағымдағы жылы колледждерге 80 адам оқытуды жоспарлануда.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау – Бизнес» жобасымен 110 адамды оқыту жоспарланған, қәзіргі таңда 40 адам оқуын қашықтан оқып жатыр.

Ағымдағы жылға жоспар бойынша 65 адамға 200 АЕК (555,6 м.т.) мөлшерінде 36 млн 114 мың теңге қайтарымсыз грант бөлінді. Аудан көлемінде 5 мүшесі бар комиссия құрылып, 27 адамның құжаты комиссия мүшесіне ұсынылып, 25 адамның құжаттары мақұлданды, қаржысы (200 АЕК) 13 890 000 теңге игерілді. «АШҚҚҚ» АҚ-нан берілетін 6 пайыздық несиеге (оның ішінде көп балалы отбасыларға және атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 4 пайызбен) биыл ауданға 170,0 млн теңге қарастырылды (жоспар бойынша 50 адам), жалпы былтырғы қаражаттан 2 адамға 8,0 млн теңге несие берілді, биылғы қаржыға жолдама алған 18 адам, оның ішінен 13 адамға 50 млн 800 мың теңге несие берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша аудан аумағында орналасқан барлық ірі кәсіпорындармен өндірісті төмендетуге және жұмыс орындары мен жалақыны қысқартуға жол бермеу туралы меморандумға қол қою шаралар бойынша:

Төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында штабқа бағынысты жұмыс топтарының іс-шаралар жоспарына орай, жұмысшылардың еңбек құқықтарын және кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде Маңғыстау ауданы әкімдігі жұмыс беруші мекемелермен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасақтады. Олардың ішінде 3 ірі кәсіпорындардан 2000-ға жуық қызметкерді қамтитын «Қарақұдықмұнай», «КаспийЦемент», «БозашыТрансҚұрылыс» ЖШС-і меморандумға қол қойды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на ұсыныс тасталынғанымен, облыс бойынша бір меморандумға отыруға шешімін берді. «Ком-мұнай», «Си-Бу» ЖШС-і меморандумды талқылауға ұсыныстарын берді.

Айта кетсек ауданға қарасты орта кәсіпорындардан 9 мекеме (820 қызметкер), кіші кәсіпорындардан 3 (5 қызметкер) мекеме меморандуммен танысып, қол қойылды.

Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 463 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасымен әлеуметтік жұмыс орнына 169 адам жоспарланып республикалық бюджеттен 23 млн 461 мың теңге, жергілікті бюджеттен 10 млн 916 мың теңге бөлінді,қәзіргі таңда 76 адам жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орнына 73 адам тартылып қаржысы игеріліп жатыр. Ақылы қоғамдық жұмыс орнына жоспар бойынша 300 адам, жергілікті бюджеттен 95 млн 188 мың теңге және республикалық бюджеттен 2 АЕК пен 25,0 млн қаржы берілді. Қәзіргі таңда 351 адам жолдама алды, оның ішінде республикалық бюджеттен 35 адам, жергілікті бюджеттен 316 адам.

Атаулы әлеуметтік көмек бойыншаХалықты жұмыспен қамту орталығы 828 адамы бар 146 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (оның ішінде шарттысы 120 отбасы 695 адам, шартсызы 26 отбасы 133 адам)

Наурыз, сәуір, мамыр айында атаулы әлеуметтік көмекке ие аз қамтылған отбасыға азық-түлік жиынтығына 124 отбасының 309 балаға атап айтқанда 6-18 жас аралығында 5567 тг көлемінде әр балаға қаражат төленді.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың жедел мониторингі бекітіліп, қәзіргі таңда 17 жобаның тендері жарияланып, оның ішінде 15 мердігері анықталып, келісім шартқа отырды. 17 жобаның 15 жобасы жергілікті бюджеттен қарастырылса, 2 жобаны республикалық бюджеттен қорғалғанын ескертеміз. Әр жобаның ашылған жұмыс орнынан 50 пайыз жұмыспен қамту арқылы жұмысқа жолдама алуы керектігі келісім шартқа енгізілген. Осы жоба бойынша көптеген жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін, әр ауыл әкімдіктерінен жұмыссыздардың тізімі жасақталынып, бригада ұйымдастыру т.б. жұмыстары жүргізілді. Қәзіргі таңда 15 жоба жұмысын бастап кетті. Негізгі жоспар бойынша жұмыс құрылымы анықталған 17 жобаға 621 орын, оның ішінде 310 орын жұмыспен қамту арқылы алыну керек. Қәзіргі таңда жұмыспен қамту арқылы жолдама алған саны- 294 адам, жалпы жұмыс құрылымы бойынша жұмысқа қабылданған саны – 565 адам, яғни 565/621=91%, ал жұмыспен қамту арқылы 294/310=95% жұмыс барысы орындалып тұрғанын ескертеміз.

Спикер: Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Талғат Қылаңов

Маңғыстау ауданы әкімінің баспасөз қызметі