НАҚТЫ ІСТЕР, НӘРЛІ НӘТИЖЕЛЕР

Үкімет халықтың әл-ауқатын арттырып, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның бірі – елді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі. Жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесін шешу мемлекеттік бағдарламалар аясында қарастырылып жатыр.

 

Қай кезде болмасын ауыз судың сапалы болуы маңызды. Су – тіршілік көзі. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Жұртшылықтың талап-тілегі біреу. Ол ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Осы жайттар мемлекет тарапынан ескеріліп, мемлекеттік қазынадан қаражат бөлінді. Әр өңір, әр аудан аумақтарынды бағдарлы жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағытта Т.Рысқұлов ауданда да айтарлықтай істер атқарылуда.
Аудан аумағындағы 42 елді мекеннің 30 елді мекенінде ауыз су жүйесі бар. Оның 24 орталықтандырылған, 6 ескі су жүйесі.

 

 

Қазірге дейін ауданның  24 елді мекенінде «Ауыз су» және «Ақбұлақ» бағдарламалары аясында жаңа ауыз су жүйелері құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Аудан халқының 59175 адамы немесе 91,7% таза ауыз су пайдалануда.  Атап айтқанда, 2006 және 2013 ж.ж. – Құлан, 2009 жылы – Тереңөзек, Өрнек, Көгершін, 2010 жылы – Шолаққайынды,2012 жылы – Көкдөнен, Жақсылық, Қарақат, Каменка және Абай ауылдық округінің Көкарық, Еңбекші ауылдары, 2013 жылы – Көкарық, Қорағаты, 2014 жылы – Д.Қонаев, 2015 жылы – Қызылшаруа, 2017 жылы – Қайыңды, 2018 жылы – Луговой, 2020 жылы – Әбжапар, Жарлысу, Бәйтелі, Тасшолақ, 2021 жылы – Құмарық, Қаракемер, Алғабас ауылдарына ауыз су жүйесі беріліп, ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын.

 

Ағымдағы жылы Қазақ, Сәлімбай, Жаңатұрмыс ауылдарына жаңа ауыз су жүйесін жүргізу жұмыстары сәтті басталып, Жаңатұрмыс ауылына аудан әкімі Ерболат Садырқұлов арнайы жұмыс сапарымен барып, су іркуіш имаратының жүргізіліп жатқан жұмысын көрді.

Нысанның жұмыстары ағымдағы екінші жартыжылдығында аяқталып, нәтижесінде 3000-ға жуық ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

 

 

Ал ауыл тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша ауданда газдандырылған елді мекендер саны 34-і құрайды, бұл ауданның елді мекендердің 80.9 %-ы шоғырланған.

Жалпы Т.Рысқұлов ауданының халық саны барлығы 64512 адам және 12672 аула болса, сонның ішінде 63588 адам және немесе 98,5% газбен қамтылған.

2021 жылы ауданда 10 ауылға, атап айтқанда Жаңатұрмыс, Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ, Қорағаты, Байтелі, Д. Қонаев, Әбілхайыр, Шөңгер ауылдарына газ құбырлары тартылды. Үйге дейін газ кіргізу жұмыстары бойынша ауыл тұрғындары «ҚазТрансГазАймақ» ЖӨФ мекемесімен өзара келісіп, 150,0 мың.теңгеден газ кіргізу жұмыстары ұйымдастырылды.

Газ құбыры тартылмаған елді мекендердің жалпы саны 8, оның ішінде газ кірмеген 1 елді мекен Шолақ-Қайыңды ауылын газдандыру жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім жолданды. Жоба құны – 186,7 млн.теңгені құрайды.

Қалған 7 елді мекен газдандырылу ықтималдығы төмен аз қоныстанған және шалғай орналасқан елді мекендер болып табылады.

 

 

Мөлдір Тастанбек

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы