Нұр-Сұлтанда тікелей эфирде дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланады

Live форматтағы сұхбат 10 сәуір күні 20:00-де өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Сұхбатқа Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ж.Долиев пен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншин қатысады. Эфир барысында сала мамандары діни сенімге қатысты түйінді мәселелерді талқылайтын болады», — дейді қалалық Дін істері басқармасы. «Діни сенімге қатысты шындық пен өтірік» атты сұхбат @elorda_cipr инстаграм парақшасында өтеді. Эфир кезінде тыңдармандар өзін толғандырып жүрген сауалдарды дін мамандарына жолдай алады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі