Нұр-Сұлтан қаласының 30 мың тұрғыны азық-түлік және тұрмыстық керек-жарақтар сатып алуға төлем алды

Төтенше жағдай кезінде 41 мыңға жуық қала тұрғыны 4 АЕК көлемінде ақшалай төлем алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында тегін азық-түлік және тұрмыстық керек-жарақтар берілетін азаматтардың тізімі кеңейтілді. Төтенше жағдай кезеңінде жекелеген санаттағы қала тұрғындарын азық-түлік және тұрмыстық керек-жарақтармен  қамтамасыз етуге 10 604 теңге (4 АЕК) көлемінде көмек беріледі. Төтенше жағдай кезінде 10 604 теңге (4 АЕК) мөлшеріндегі ақшалай төлемді шамамен елорданың 41 мың тұрғыны алады. Атап айтсақ олар: — барлық жастағы I, II, ІІІ топтағы мүгедек адамдар; — 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; — мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар; — АӘК алушылар; — ресми тіркелген жұмыссыздар Қазірдің өзінде төлемнің бір бөлігі (2 АЕК немесе 5 302 теңге) шамамен 30 мың тұрғынның есепшотына жіберілді. — барлық жастағы I, II топтағы мүгедек адамдар; — 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; — мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар; — АӘК алушылар; Төлем бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Көмек пакеті ресми тіркелген жұмыссыздар мен үшінші топ мүгедектеріне қосымша беріледі. Бұл шара тағы 10 мыңнан астам адамды қамтиды. Сонымен қатар, 1 сәуірден бастап халықты жұмыспен қамту орталығы қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып жүрген, 2020 жылдың І тоқсанындағы өтініш берушілердің ішінен өтінімдерді өңдеуге және салыстырып тексеруге кірісті. Тікелей байланысты болдырмау мақсатында, егер отбасы құрамы, тұратын мекен-жайы және табыс деңгейі өзгермеген жағдайда, яғни өтініш беруші барлық критерийлерге сәйкес келетін болса, АӘК өтінішсіз тағайындалады. Бірінші тоқсанда көмек алушыға өтінішті қайта беруге қажеттілік жоқ. Шешім қашықтан онлайн режимде қабылданады. Сондай-ақ, осы отбасылар бойынша учаскелік комиссия қайта тексеру жүргізбейді. Бірінші тоқсанда АӘК алмаған тұлғалар (жаңа өтініш берушілер) «Электронды үкімет» веб-порталында «электронды өтініш» арқылы онлайн режимінде АӘК және кез келген басқа мемлекеттік қызметке өтініш бере алады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі