МЫҢ БІР БӘЛЕ ТІЛДЕН…

Сөздің құдіреттілігінде шек жоқ.
Сондықтан аузыңыздан шыққан
əрбір сөзге абай болыңыздар!
Сөз адамды адаммен байланыстырушы құрал. Адам, қуанышына ортақтаса білу немесе қайғырғанда жұбата білу де сөзді дұрыс қолдана білу нəтижесінде жүзеге асады.
Керек кезде қажетті сөз таба білу немесе əр адаммен сол кісінің тілінде сөйлесу, бір адамның басқа адамнан ерекшелігі болып тұрады.
Дұрыс сөйлеу мəдениеті, адамның ойлау қабілетінен, оның бейтаныс əлемінен хабар береді.
Ол адамның жан дүниесін көзге көрсетеді. Адамның сөйлеген сөздері, оған деген сенімді ұялатады немесе жоғалтады.
Əр адам өз алдына жеке тұлға жəне оларға сөйлеу мəнері де өзгеше.
Кедей адамға ақша туралы, немесе жетім адамға ата-ана туралы əңгіме айтылмауы қажет.
Былайынша айтқанда, адамның жүрегін жібітетін де — сөз, тату адамдарды араздастыратын да — сөз.
Сөздің құдіреттілігінде шек жоқ.
Сондықтан аузыңыздан шыққан
əрбір сөзге абай болыңыздар!
Жақсы сөз сөйлеңіз немесе үндемеңіз!☝