Мұқтаж азаматтарға  әлеуметтік қолдау көрсету

Байзақ ауданы мәслихатының 2017 жылғы 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №77-11 шешіміне сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудын Қағидаларына сәйкес, ең төменгі күн көріс деңгейінің бес еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез, қатерлі ісік ауруымен ауыратын азаматтарға, амбулаториялық жағдайда ем жалғастыру мерзіміне 1 (бір) күнкөріс деңгейі мөлшерінде , қатерлі ісік ауруына дәрі-дәрмек құралдарын сатып алуға және медициналық қызметтерді жедел алу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 29- шілдесінде ауданымызда құрылған арнайы комиссияның отырысы болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Д.Дәулетовтың төрағалығымен әлеуметтік мәні бар туберкулез, қатерлі ісік ауруымен ауыратын азаматтардың өтініштерін қарап, азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығың айқындап әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарылды.