МҰНАЙЛЫДА «ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» БҰРЫШТАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЙДІ

 

Бұл туралы Мұнайлы аудандық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі және бақылау бөлімінің басшысы Роза Мугалова мәлім етті.

«Бүгінде аудан бойынша “Өзіне-өзі қызмет көрсету” бұрыштарының саны 42-і құрайды. Атап айтар болсақ ауыл мен ауылдық округ әкімінің аппараттарында — 7, аудандық бөлімдерде — 7, Басқұдық сауда үйінде — 1, аудандық мәдениет үйінде — 1, жалпы білім беру орта мектептерінде — 15, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында — 10, «Маңғыстау облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Мұнайлы ауданы бойыншы филиалында — 1. Мемлекеттік қызметтер мен қажетті анықтамаларды халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тұрғылықты жеріңізге жақын орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы онлайн түрде алған тиімді. Жыл басынан бері осы қызмет түрін пайдаланып қажетті анықтамалар мен қызметтерін алғандар саны – 2957», -деді Роза Мугалова.

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ