МҰХАММЕДСАБЫР ЖОЛДАМАҒА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

Тайланда Париж Олимпиадасына жолдама беретін халықаралық жарыс өтуде. 63.5 келі салмақ дәрежесінде түркістандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қатысуда.
Ол турнирдің алғашқы айналымында Филлиппин өкілі Кристиан Лаурентеден 5:0 есебімен басым түсті.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші айналымда түрік Мизан Айкөлді жеңді. Есеп — 5:0. Келесі айналымда Италия өкілімен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 29 мамырда өтеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі