МҮДДЕ ОРТАҚ БОЛҒАНДА ҒАНА ЖҰМЫС ОҢ НӘТИЖЕСІН БЕРЕДІ
🔰Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен Сарысу ауданындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысы өтті.
🔰Күн тәртібінде «2025 жылдың 6 айында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жұмыстары туралы» аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова, «2025 жылы әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылған іс-шаралардың мазмұны мен нәтижелері туралы» ЖО жастар ұйымдарының Қауымдастығы» «Заңды тұлғалар бірлестігінің» өкілі Қуаныш Қияшов және «2025 жылы әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылған іс-шаралардың мазмұны мен нәтижелері туралы» «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі төрайымы Шарапат Сүйімқұл баяндама жасады.
🔰Кездесу барысында Ерлан Дайрабайұлы: — Мемлекетіміздің сенімді серіктесі болып отырған — үкіметтік емес ұйымдардың іскерлік және сапалық деңгейі жылдан-жылға жаңа белестерге көтерілуде. Осы орайда, баршамыз бірге әрекет етуіміз қажет дегім келеді. Елбасымыздың талабына сәйкес «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс істеуіміз керек, — деп алдағы жоспарларды айқындап, аудандағы үкіметтік емес ұйым мүшелерін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы


